Жылыой ауданында 40 балаға сыйлықтар тапсырылды (+ ВИДЕО)

Жылыой орталық мешіті сәбилерді құттықтады.

Мешіт ішінде балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік акция 40 баланы қамтыды.

«Алла Тағала балаларымызға сана, жүректеріне иман бергей. Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндерді қуанту болды» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, Атырау мешіттері «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, барлығы 1600 бүлдіршінді сыйлықтармен қуантты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.