Жылыой ауданында жергілікті орталық мешіттің ұйымдастыруымен, аталған ауданға қарасты мешіттер арасында баскетболдан турнир өтті.
Жамағат арасында бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мақсатында өткен турнирге 10 команда қатысты.
Тартысты бәсеке аясында үздік үш команда марапатталды.
1 орын – «Ақжол» командасы
2 орын – «Қосшағыл» мешіті командасы
3 орын – 1987 жылғы жамағат командасы
«Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім). Спорт адамды жалқаулықтан ада етеді, адам үнемі сергек жүреді» дейді Жылыой аудандық мешітінің наиб имамы Думан Балықшиев.