ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИРДІҢ ЕРЕЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
- Мақсаты мен міндеті
-Жамағат арасында достық қарым-қатынасты нығайту
-Салауатты өмір салтын насихаттау мен денсаулық нығайту - Өткізілетін орны мен уақыты
-2023 жылдың 26-27 тамыз Орталық стадион спорт залында өтеді.
-Командалар арасында жеребе тастау 25 тамыз сағат 17:30 да
-Жарыстың басталуы 26 тамыз күні сағат 09:00 да
-Финалдық кездесу 27 тамыз сағат 09:00 да
-Марапаттау рәсімі 27 тамыз сағат 14:00 де - Жарысқа қатысушыларға қойылатын талаптар
-Жарысқа тек қана мешіт жамағаты қатыса алады
-Жарысқа қатысатын команданың қатынасушылардың аты-жөні, туған жылы, дәрігердің рұқсаты болуы керек
-Команда құрамында 8 ойыншы болуы керек
-Волейболға қатысушы командалар бірыңғай формаларда болулары міндетті - Волейбол турнирін өткізуге басшылық жасау
-Жылыой аудандық мешітінің имам қызметкерлері және орталық стадион төрешілер алқасына жүктеледі. - Қатысуға тапсырыс
-Жарысқа қатысатын командалар 2023 жылдың 24 тамызға дейін 87010280092 телефонына хабарласуы керек.
-Жарысқа жауапты Думан имам.