Жылыой ауданында мешіттер арасында волейболдан турнир өтеді

ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИРДІҢ ЕРЕЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

  1. Мақсаты мен міндеті
    -Жамағат арасында достық қарым-қатынасты нығайту
    -Салауатты өмір салтын насихаттау мен денсаулық нығайту
  2. Өткізілетін орны мен уақыты
    -2023 жылдың 26-27 тамыз Орталық стадион спорт залында өтеді.
    -Командалар арасында жеребе тастау 25 тамыз сағат 17:30 да
    -Жарыстың басталуы 26 тамыз күні сағат 09:00 да
    -Финалдық кездесу 27 тамыз сағат 09:00 да
    -Марапаттау рәсімі 27 тамыз сағат 14:00 де
  3. Жарысқа қатысушыларға қойылатын талаптар
    -Жарысқа тек қана мешіт жамағаты қатыса алады
    -Жарысқа қатысатын команданың қатынасушылардың аты-жөні, туған жылы, дәрігердің рұқсаты болуы керек
    -Команда құрамында 8 ойыншы болуы керек
    -Волейболға қатысушы командалар бірыңғай формаларда болулары міндетті
  4. Волейбол турнирін өткізуге басшылық жасау
    -Жылыой аудандық мешітінің имам қызметкерлері және орталық стадион төрешілер алқасына жүктеледі.
  5. Қатысуға тапсырыс
    -Жарысқа қатысатын командалар 2023 жылдың 24 тамызға дейін 87010280092 телефонына хабарласуы керек.
    -Жарысқа жауапты Думан имам.