Атырауда «Ықылас» мешітінде «Имани жаз» қорытындыланды (+ФОТО)

Атырау қаласының «Ықылас» мешітінде 45 шәкірт имани жаз сауат ашу лагерін сәтті аяқтап шықты.

25-ке жуық қыз бала , 20 ер бала қатысқан лагерьде шәкірттер сауат ашу сабақтарымен қатар әдеп ахлақ жөнінде дәрістерді қатар алған.

Марапаттау кешіне орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев арнайы қатысып, мешіт шәкірттеріне дән риза болып, насихатын айтты.

Сондай ақ, шәкірттер арасынан дәрістерге қатысқан әрі жасы ең кіші шәкіртке велосипед сыйланды.

Ұлдардың арасынан да жасы кіші болған әрі сабаққа қатысуы жақсы, шәкіртке велосипед табысталды.