Атырауда Құспан молла мешіті 60 балаға оқу құралын берді (+ ВИДЕО)

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара барысында 60 оқушыға оқу-құралдары табысталды. Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Сұлтанғалиұлы жас бүлдіршіндерге батасын берді.

Алла қаласа жақын күндері жаңа оқу жылы басталмақ. Осы орайда мешіт жанынан әлеуметтік жағдайы орташа отбасылардың балаларына мектеп құралдарымен көмектесуді жөн көрдік. Сіздерге оқуда озат, саналы, тәрбиелі ұрпақ болып өсулеріңізге тілектестік білдіреміз деп,-атап өтті Эммат Ғұмаров.