Жылыой ауданында мешіттер арасында волейболдан жарыс өтті ( + ВИДЕО)

Наурыз мерекесінің құрметіне Жылыой ауданында мешіттер арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт ұжымдары және жамағат арасында ынтымақтастықты, бауырмалдылық сезімді нығайту мақсатында өткен волейболға барлығы үш команда қатысты.

Тартысты бәсекеде «Тұрғызба» ауылдық мешіті командасы топ жарды. «Нұрқас Сатыбалды» мешіті және Жылыой аудандық орталық мешіті командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Жылыой ауданында үш мешіт жұмыс істеп тұр. Жылыой аудандық орталық мешіті Құлсары қаласында орналасқан. Ал, Тұрғызба ауылдық мешіті Жылыой ауданындағы Тұрғызба елді мекенінде ірге тепкен. «Нұрқас Сатыбалды» мешіті 2006 жылдан бері Жаңақаратон поселкесі тұрғындарының игілігіне қызмет көрсетіп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.