Жылыой ауданында мешіттер жамағаты арасында волейболдан турнир өтті (+ ФОТО, ВИДЕО)

Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен Жылыой ауданы бойынша мешіттер жамағат арасында ауызбірлікті, достық қарым-қатынасты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан турнир өтті.

Турнирге Жылыой ауданы бойынша 7 мешіттен 12 команда қатысып, жарыс екі күнге созылды. Нәтижесінде 1-орынды Тұрғызба ауылдық мешіті, 2-3 орынды Қапан қажы және Қосшағыл мешіті өзара бөлісті.

«Турнирдің мақсаты – жамағат арасында бірлікті насихаттау. Әрі салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. Себебі, денсаулық – адамға берілген ең үлкен аманат» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.