Жылыой ауданында Мәуліт кеші өтті. Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кешті Мәуліт кешіне «Өнер қырандары» театры қатысты.
Іс-шара барысында Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жылыойлықтарды Мәуліт айымен құттықтады.
«Мәуліт – рухани тазару айы. Мәуліт – ізгіліктің, жақсылықтың, нұрдың айы. Екі дүние сардары, мінезі Құран болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) жарық дүниеге келген айында адамзатқа қуанышты көбірек сыйлауымыз керек.
Сол себепті, жылыойлықтарға рухани кешті тамашалау мүмкіндігін сыйладық.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен қайырымдылық шаралары да жалғасады» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Тәлім-тәрбиелік мәні зор театрлық қойылымдар ұсынылған рухани кеш соңында «Өнер қырандары» театрына алғыс хат табысталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.