Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Тұңғыш Президент күніне орай, алғыс хатпен марапатталды.
Марапатты салтанатты жағдайда Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов табыс етті.
«Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси, идеялық тұрақтануына, әлеуметтік, экономикалық дамуына белсене атсалысып, саясатты ілгерілету және міндеттерді іске асыру жолында адал, аянбай атқарған ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін» делінген құттықтауда.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.