amin.kz/30 қыркүйек, 2020 жыл. Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Жасұлан Қуанышұлы Шоқпартоғай округінің әкімі Ерболат Елеусіновпен кездесті.
Кездесу барысында карантин жағдайындағы мешіт жұмыстары пысықталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған негізгі төрт бағыттары – уағыз насихат, жат ағымның алдын алу секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Сапар аясында Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы
Жасұлан Қуанышұлы Шоқпартоғай мешітінің тынысымен танысып, жергілікті жамағатқа насихатын айтты.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.