Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев түркиялық «ASILHALI» кілем фабрикасы директоры Русту Озкараямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Жылыой аудандық мешітіне арнап жайнамаз кілемін тоқу үшін арнайы келісім шартқа қол қойды.
«Түркиядан жеткізілетін жайнамаз кілемінің артықшылығы басым. Жоғары сұрыпты жүн материалы Жаңа Зеландия мемлекетінен әкелінеді. Кілем таза табиғи қой жүнінен тоқылады. Осындай қарапайым факторлар кілемнің мешітте ұзақ мерзімге қызмет етуіне ықпал етеді» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Еске сала кетелік, Жылыой аудандық орталық мешіті аумағы 1000/2 шаршы метр.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.