Жылыой ауданының мешіттерінде кадрлық өзгерістер болды ( + ФОТО)

Жылыой ауданының мешіттерінде кадрлық өзгерістер орын алды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жылыой ауданының орталық мешітіне Сарсекеев Ажок Саясатұлы наиб имам болып тағайындалды.

Ал, Жылыой ауданының Жаңа – Қаратон елдімекеніндегі «Нұрқас – Сатыбалды» мешітіне имам болып Рейимов Жалғас Исаханұлы бекітілді.

Жаңа қызметкерлерді жамағатқа, мешіт ұжымына Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

«Бұған дейін Жылыой ауданына қарасты, Жаңа – Қаратон елдімекенінде «Нұрқас – Сатыбалды» мешітінде имам болып қызмет еткен Ажок Саясатұлы енді Жылыой орталық мешітінде наиб имам болып еңбек ететін болады.

Ажок Саясатұлының діни салада, қоғаммен байланысты бай еңбек тәжірибесі бар. Асыл дінімізді насихаттау, жастарды білім алуға, ғылымға үндеу, ислам өркениетін дәріптеу, жат ағымдармен күрес сынды маңызды міндеттерді жүзеге асыруда Ажок Саясатұлының абыроймен қызмет ететініне сенемін.

Сапалы еңбегімен, биік парасатымен ерекшеленген Жалғас Исаханұлына жаңа қызметінде сәттілік тілеймін» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.