Жылыой имамдары жұмыс жоспарын талқылады

Жылыой аудандық орталық мешітінде жаңа жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Шара барысында Жасұлан Қағазғалиев мүфтияттың биылғы жылды бірлікке арнағанын атап өтті.

«Мешіттер тәрбиенің ордасы. Білімнің қайнар-көзі. Біздің барлық іс шарамызда рухани тәрбиемен бірге, ағартушылық қыр да болуы қажет. Біз ізгі амалдарымызбен қоғамға үлгі болуымыз керек» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Шара соңында қатысушыларға «Толық адам», «Пәтуалар жинағы» еңбегі тапсырылды.

Орталық (Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі