Жылыой аудандық орталық мешіті жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі мүшелеріне құрмет көрсетілді.
Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиевтың басшылығымен ақсақалдарға арнап дастархан жайылды.
Рухани шарада Жылыой ауданына қарасты мешіттерде қоғам тыныштығын, ел бірлігін нығайтуға арналған іс-шаралар, жастарды біріктіруге арналған кешенді жоспарлар жайы талқыланды.
Еске сала кетелік, Атырау мешіттерінде бірнеше жылдан бері Ақсақалдар кеңесі жұмыс жасап келеді.
Кеңестің мақсаты – қоғамды бірлікке, ынтымаққа үндеу, ұрпақ тәрбиесіне атсалысу.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.