Жылыой мешіті аудандық ауруханаға медициналық аппараттар тапсырды (+ВИДЕО)

amin.kz/ 4 тамыз , 2020 жыл.  Аталмыш аппарат Жылыой аудандық орталық мешітін күрделі жөндеуден өткізуге демеушілік көмекпен бөлінген 5 миллион теңге қаражатқа алынып отыр.

Реанимациялық монитор науқастың қан қысымын, сатурациясын, жүрек қағысын көрсетіп отырады. Ал, екінші аппарат жүрек қызметін тексереді.

«Кәсіпкер ағамыз Берік Қобыланұлы қолдау білдіріп, мешітті жөндеуге қаражат бөлген еді. Бірақ, пандемияға байланысты елдегі ахуалдың күрделеніп кетуін ескере отырып, мешіт жөндеуіне бөлінген қаражат аудандық ауруханаға қажетті медициналық жабдық алуға жұмсалып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлес қосып, Оңтүстік Корея елінен жүрек қағысы, қан қысымын реттеп отыратын аппараттар алынды» дейді Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.