Жылыой мешіті ерекше балалар мен аналарына құрмет көрсетті

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиевтің бастамасымен ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Барлығы 60 адамды қамтыған іс-шара аясында Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев сабырлы болу туралы уағыз-насихат айтты.

«Сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет. Жаратушы сабырлы құлын сүйеді» дейді Жасұлан Қағазғалиев.