amin.kz/ 12 сәуір, 2020 жыл. Жылыой мешітінде сиыр малы құрбандыққа шалынды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жүзеге асырылған игі шара Жылыой аудандық орталық мешітінің қолдауымен және жергілікті жамағаттың атсалысуымен өтті.
«Біз осы жобаға үлес қосып отыра отырып, Алланың разылығы үшін сиыр малын құрбандыққа шалдық. Алладан күні-түні еліміздің амандығын сұрап, дұға жасаудамыз.
Қасиетті Рамазанды мешіттерімізде жамағатпен Тарауық оқып қарсы алуды нәсіп еткей» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.