Жылыой аудандық орталық мешітінде «Менің алғашқы құраным» атты рухани кеш өтті.
Кеш аясында Құран ілімін оқуға түскен 30 шәкіртке құрмет көрсетіліп, ұстаздар тәж кигізді. Және тақырыпта ынталы шәкірттерге Құран сыйға тартылды.
» Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсыз. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресіз» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.