Жылыой аудандық орталық мешітінің бастамасымен Рамазан айының құрметіне ерекше ауызашар ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ауызашар дастарханы жайылып, уағыз-насихат айтылды.
«Рамазан – мейірім айы. Рамазан – шапағат айы. Рамазан айында жақсылық амалдар көбірек атқарылуы керек. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мейірім сыйлау арқылы, ұлтмыздың керемет құндылықтарын дәріптейміз» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.