Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылында орналасқан Нұрқас Сатыбалды мешітінде рухани шара өтті.
Шара аясында қажылық сапарына барып, мұсылмандық парызын өтеп келген Серік Руслановқа құрмет көрсетілді.
Қажы Серік Русланов қасиетті Мекке даласынан алған әсерімен бөлісті.
Мешіт имамы Жалғас Рейимов қажылыққа дайындалу, қажылық сапарының парыз екендігі хақында насихат айтты.
«Қажылықтың парыздығы жайында қасиеттi Құран Кәрімде Алла Тағала бірнеше аятта келтірген. «Әли Имран» сүресінің 97-аятында былай дейді:
«Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал егер кімде-кім күпірлік қылып, қажылықты жоққа шығарса, біліп қойыңдар, Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше бүкіл ғалам Оған мұқтаж».
Аяттың мағынасында айтылғандай Раббымыз ешкімнің құлшылығына, қажылығына мұқтаж емес. Керісінше күнәсі тау тасынан көп болған пенделердің мұқтаж болған қасиетті ғибадаты. Олай болса бұл ұлы іс тек қана Алла үшін дұрыс ниет, шынайы ықыласпен, үлкен дайындықпен кірісетін амал» деді Нұрқас Сатыбалды мешітінің имамы Жалғас Рейимов.