Жылыой ауданының Абзал Жаманқұлов есімді тұрғыны марқұм болған әкесінің жеті, қырық, жүз күндік қадесіне жұмсалатын шығынды мұқтаж отбасыларға азық-түлік ретінде таратып, садақа берді.
30 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасы Жылыой аудандық орталық мешітінде өтті.
«Садақаны осындай жария жолмен беру Абзал бауырымыздың таңдауы. Және бұл шариғатымызда қайырлы амал саналады.
Азық-түліктер мешітімізде мұқтаж ретінде тіркелген отбасыларға таратылып берілді. Алла Тағала марқұм болып кеткен Найзабай Жаманқұлұлының атынан берілген садақаны қабыл етсін» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.