Жаназа және жерлеу: Атырауда «Қамқор – Шарапат» орталығының өкілдігі жұмысын бастады

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің жанынан жұмысын бастаған орталық – жаназа және жерлеу рәсімінде жергілікті тұрғындарға консультациялық, сервистік қызмет көрсетуде.

«Былтыр елордада өткен республикалық имамдар форумында «Зират және зиярат құжатының» қабылданғаны белгілі. Аталмыш құжаттың басты мақсаты – жаназа, жерлеу, ас беру мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсіру. Жақында ғана аталған құжаттарға байланысты Атырау облыстық коммуникациялар қызметі базасында баспасөз-конференциясын өткіздік.

Қажетсіз шығындардан, аста-төктіктен арылуға шақыратын құжатта көрсетілген ережелер аясында салттық орталық жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, «Қамқор – Шарапат» орталығына жауапты өкіл болып облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов бекітілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.