Жылыойлық ұстаздар Шоқпартоғай ауылының жамағатымен кездесті

Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылында орналасқан «Қапан қажы» мешітіне «Жылыой мұсылмандары» мешітінің ұстаздары Бағдат Алуадинов, Алмат Байымбетов  және Думан Балықшиев арнайы барды.

Сапар барысында ұстаздар    «Қапан қажы» мешітінің  жамағатына және ауыл жастарына дін атын жамылған радикализм мен экстремизмнің әсеріне қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған кездесу ұйымдастырды.

Сонымен бірге, неке қиюдың шарттары туралы кеңінен мәлімет берді.
«Радикалды ағымдардың ықпалына ұшыраудан сақтандыратын кездесуге көбіне жастар тартылды. Өйткені, қоғам ішінде жастардың өмір тәжірибесінің аздығынан жат пиғылды топтарға арбалуы жиі байқалады» дейді мамандар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.