103 жастағы ақсақал Атырау имамдарына бата берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында 103 жасқа толған Абдолла қажы Абдрахманов есімді ақсақалдың шаңырағына арнайы барып шықты.

Ұзақ жылдардан бері мешіттің құрметі жамағаты болып келе жатқан Абдолла ақсақал кезінде сталиндік репрессияның құрбаны болған. Магаданға айдалып, зауалды кезеңдерді бастан өткерген.

Айдаудан оралған соң облыстың, ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақал бүгінде ұлт руханиятын дәріптеп келеді.

Абыз ақсақал ел бірлігі, тұтастығы, дініміздің, діліміздің өркендеуі жолында уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген имамдарға, дін қызметкерлеріне бата берді.

Кездесу соңында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы абыз ақсақалға қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.