Ораза айт: облыс мешіттері 3700 балаға айттық үлестірді (+ ФОТО)

Атырау облысы мешіттері бүгін, яғни, бір күн ішінде 3700 бүлдіршінді Ораза Айт мерекесімен құттықтап, сыйлықтар таратты.

Оның ішінде орталық «Иманғали» мешітінде 450 балаға айттық үлестірілді.

Қала, аудан, ауыл мешіттерінде жаппай таратылған айттықтар тәттілерге толтырылған.

«Ораза айт – қуаныштың, бірліктің мерекесі. Мақсатымыз – тамаша мерекені балаларға сезіндіру болды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Атап өтерлігі, Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешіті айт сыйлықтарын 1000 бүлдіршінге ұйымдастырды. Оның ішінде сыйлықтардың 800 данасын Қызылқоға, Индер аудандарындағы ауылдарға, 200 данасын Атырау қаласындағы балаларға үлестірді.

Осындай айттықтар облыс орталығындағы «Мәулімберген» мешітінде 50, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте 250, Индер орталық Әйіп қажы мешітінде 250, Мақат аудандық мешітінде 350, Доссор мұсылмандар мешітінде 100 балаға, жалпы облыс бойынша 3700 бүлдіршінге таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.