Ораза Айт: Атырау облысы мешіттерінде жамағатқа ерекше сый жасалды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен, мешітке келуші жамағатқа айттық ретінде діни кітаптар сыйға тартылды.

«Ислам таластыра ма, жарастыра ма?», «100 сұрақ» сұрақ – жауап кітапшалары орталық «Иманғали» мешітінде және облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа үлестірілді.

Осындай игі шара Жылыой орталық мешітінде де өтті. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының аманатын Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жергілікті ақсақалдарға, аналарға жеткізіп, айтпен құттықтап шықты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.