Абыз ақсақал Төкен Танаұлы Атырауда ашылған Қарилар орталығына арнайы келді (+ ФОТО)

Абыз ақсақал, белгілі меценат Төкен Танаұлы Атырауда ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына арнайы келді. Атыраудың ардақты азаматына облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталықтың жұмысымен таныстырды.

Орталықтың ішкі жұмыстарымен танысып, сәттілік тіледі.

«Қарилар ең әуелі Алланың құрметіне бөленеді. Оның панасында болады. Құран – өз алдына үлкен ғылым, өркениет бастауы» деп атап өтті абыз ақсақал Төкен Танаұлы.

Еске сала кетелік, Атырауда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы қатысуымен «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды.

Ғимаратта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.