Алтынбек Ұтысханұлы Атырауға келген жас ұстаздарды таныстырды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатқа өңірге дін саласына қызметке келген жаңа ұстаздарды таныстырды.

Ұстаздар «Иманғали»  мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында дәріс беруде.

«Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда, Құран оқытуда саналы шәкірттер тәрбиелеуде сенім білдіреміз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Олжас Скаков 1992 жылы туған. Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2007 – 2010 жылдары Е. Бөкетов атындағы колледжінде заңгер, 2010-2013 жылдары Қарағанды университеті заңгер мамандығын аяқтады.

        2013-2015 жылдары Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде дінтанушы мамандығы бойынша білім алды.

2017 – 2021 жылдар аралығында Астана медресесінде ақида, тәпсір, хадис және фиқһ пәндері бойынша ұстаз болып қызмет етті.

Заһиджон  Гуламов – Түркістан облысының тумасы.

2014 – 2019 жылдары Түркия Республикасы, Стамбул қаласында  «Иддеф даруларкан»  медресесінде білім алған.

2019 – 2021 жылдар аралығында Атырау облысы, Доссор кенті,  «Сәтен Шәмек»  мешітінде ұстаздық қызмет атқарды.

Еркебұлан Жақсылықов – Өзбекстан Республикасында дүниеге келген.

2010 – 2015 жылдары Қырғызстан Республикасында  «Нұруль—Ислам»  медресесінде білім алған.  2016 – 2019 жылдары Жамбыл облысындағы Қордай медресесінде тәлім алды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.