Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Орталық мешіт жанынан жұмысын жасап жатқан қайырымдылық мекемесінде өткен іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасы киім-кешекпен қамтамасыз етілді.
“Мұқтаж отбасылар өздеріне қажетті киім-кешектерді кез-келген уақытта мешіт жанындағы мекемеге келіп, тегін алып кете алады. Мұндағы киім-кешектер толықтай химиялық тазалаудан өткен. Егде жастағылардан бастап, балаға қажетті киімдерді орталықтан табуға болады” дейді орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы Арман Исаев.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.