Ахмет Яссауидің тарихи тұлғасына қатысты құжаттар аз, барлары аңыз-әңгімелермен араласқан. Бұлардан нақты қорытындыға келу өте қиын, тіпті кейбір жағдайларда мүмкін емес. Осыған қарамастан, оның «даналықтарынан», тарихи дереккөздер мен басынан өткерген ізгілікке толы хайырлы амалдары жайында, деректерден алынатын мәліметтер мен тұжырымдар аңыз болса да, оның өмірі, тұлғасы, шығармашылығы, ықпалы туралы түсінік береді.
Батыс Түркістандағы Шымкент қаласының шығысында Тарым өзеніне құятын Шаһяр (Шарын) өзенінің шағын саласы Қарасу бойындағы Сайрам қаласында дүниеге келген. Испижаб (Исфижаб) немесе Ақшаһар деп те аталатын Сайрам қаласы ұзақ уақыт бойы маңызды қоныс орталығы болды. Кейбір деректерде оның Қазақстан шекарасындағы Яссы (қазіргі Түркістан атауы) қаласында дүниеге келгені айтылады. Ахмед Яссауидің туған күні нақты белгісіз. Алайда оның Юсуф әл-Хамаданиге (ө.ж.535/1140) қатысы барын және оның халифаларының бірі болғанын ескерсек, XI. ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген деуге болады. Белгілі тұлғалардың бірі Сайрамның мұғжизаларымен, аңыздарымен танылған әкесі, Әлидің ұрпағы саналатын шейх Ибрахим деген кісі. Анасы – Ибраһимнің халифаларының бірі Мұса шейхтің қызы Айша ханым. Гауһар Шаһназ есімді қызынан кейін шейх Ибрахимнің екінші баласы болып дүниеге келген Ахмед Яссауи алдымен анасынан, кейін әкесінен айырылды. Біраз уақыттан кейін Гауһар Шаһназ ағасын ертіп, Яссы қаласына барып, сонда орналасты.
Оқуын Яссыда бастаған Ахмед Яссауи жастығына қарамастан ғажайып кереметтер көрсете бастады, әдеттен тыс дүниелерді көрсетуімен халықтың назарын аударды. Аңыздарға қарағанда, жеті жасында Хызырдың жол көрсетуін алған Ахмед Яссауи, Яссыдағы Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесі мен бағыт-бағдарымен тез көтеріліп, атақ-даңқы айналаға тарай бастады. Алайда Арыстан баб сол жылы немесе келесі жылы дүниеден өтеді. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін сол кездегі маңызды ислам орталықтарының бірі Бұхараға барады. Осы қалада сол кезеңнің көрнекті ғұламалары мен сопыларының бірі шейх Юсуф әл-Хамеданимен жолығып, оның тәлім-тәрбиесіне кіреді. Юсуф әл-Хамедани қайтыс болғаннан кейін, оның орнына мүриді (рухани шәкірті) Қажы Абдуллаһ Бәраки, ал ол қайтыс болғаннан кейін шейх Хасан Андаки жетекшілік етеді. Ал, 1160 жылы болса Хасан Андаки қайтыс болып орнына Ахмед Яссауи жетекшілік етеді. Біраз уақыттан кейін шейхы Юсуф әл-Хамедани берген белгі бойынша ол шейх Абдулхалық Гуждуаниге жетекшілік қызметін тастап, Яссыға қайтып оралып, адамдарға тура жолды көрсетуді жалғастырады. Кейін (562/1166 ж.ж.) тарихшылардың пайымдауынша Яссы қаласында дүние салады.
Ахмед Яссауи алпыс үш жасқа келгенде дәстүрді ұстанып, өз үйінің ауласында шәкірттеріне аскеттік орын (жерасты мешіт) әзірлетеді, қайтыс болғанша сол жерде ғибадат және зікірмен айналысты. Жерасты мекенде қанша отырғаны белгісіз, бірақ ғибадатханадан бақилық болғанға дейін шықпағаны анық. Оның туған жылы белгісіз болғандықтан, қанша жыл өмір сүргені туралы нақты ештеңе айту мүмкін емес.
Риуаяттарға қарағанда Яссауидің кереметтері қайтыс болғаннан кейін де жалғасқандығы айтылады. Яссауи өзінен кейін өмір сүрген Ақсақ Темірдің түсіне кіріп, жеңістің сүйінші хабарын жеткізеді. Темір жеңіске жеткенде Яссыға келіп, атағы мен ықпалы Түркістан мен Қырғыз даласына кең тараған Ахмед Яссауидің бейітін зиярат етеді. Ол бейіт үстіне сол кезеңдегі сәулет өнерінің туындыларының бірі, кесене тұрғызуды бұйырады. Құрылысы бірнеше жылдың ішінде аяқталып, қабір, мешіті мен дәруіш үйі бар әлеуметтік кешенге айналады.
Ахмед Яссауидің Ибраһим есімді ұлы болған, бірақ ол жастайынан қайтыс болған. Одан басқа Гауһар Шахназ және Гауһар Хошназ есімді екі қыз дүниеге келеді және Яссауидің ұрпақтары Гауһар Шахназ арқылы жалғасты. Түркістан, Мауереннаһр және басқа да Орта Азия аймақтарында болғаны секілді Анадолыда да өздерін Ахмед Яссауидің ұрпағымыз деп санайтын көптеген атақты тұлғалар шықты. Бұлардың ішінде Самарқандық Шейх Закария, Скопьелік (солтүстік Македония астанасы) Шайыр Ата және Әулие Челебиді атауға болады.
Ахмед Яссауи Яссыда жетекшілік ете бастаған тұста Түркістан мен Жетісу өңірінде күшті исламданумен бірге сопылық жолы да дамыды. Медреселердің жанынан құрылған теккелер (Алланы зікір қылу үшін арналған мекен) сопылық рәсімдер орындалатын орталықтары болатын. Сондай-ақ осы жылдары Мауереннаһрды өз билігіне біріктірген Сұлтан Санжар 1157 жылы дүниеден озады. Хорезмшаһтар күшті ислам мемлекетіне айнала бастады. Осындай қолайлы жағдайларда Ахмед Яссауи Ташкент пен Сырдария өңірінде тұратын және Сейхунның арғы бетіндегі көшпелі түркілер арасында күшті ықпалға ие болды. Оның төңірегіне ислам дініне шын берілген жергілікті халық пен жартылай көшпелі ауыл халқы жиналды. Ислам ғылымдарын, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Ахмед Яссауи, айналасына жиылғандарға ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдерін, тариқат әдебі мен әдет-ғұрыптарын үйрету үшін қарапайым тілде және халық әдебиетінен пайдалана отырып, буындық өлшеммен өлең жазған. Сөзсіз Түркілер арасында ой бірлігін орнату тұрғысынан, даналықтың маңызы зор.
«Хикмет» деп аталатын өлеңдер жиынтығы дәруіштері арқылы ең ұзақтағы түрік қауымдарына жеткізілген. Хикметтер мазмұны Ахмед Яссауидің өмірінен біраз мағлұмат береді. Алайда олардың тарихи деректерге қаншалықты сәйкес келетінін анықтау қиын. Осыған қарамастан, Яссауидің өлеңдеріндегі бұл деректер оның өмірне, біліміне, ұстанымына, жеткен қызметтері мен дәрежелеріне айқындылық беру тұрғысынан өте құнды.
Тарихи хабарларға сүйенсек, Ахмед Яссауидің шамамен он екі мыңдай шәкірті өз маңайында, тоқсан тоғыз мыңы алыс елдерде болған. Сондай-ақ, көзі тірісінде дәстүр бойынша тағайындаған көптеген халифалары болған. Бірінші халифасы Арслан бабтың ұлы Мансұр болды. 1197 жылы Мансұр дүние салғаннан кейін, оның ұлы Әбділмәлік жетекшілік етті. Одан кейін оның ұлы Тәж Қажы, одан кейін оның ұлы Зеңгі жетекшілік етті. Оның екінші халифасы харизмдік Саид болса, үшінші халифасы түркілер арасында өзінің даналығы мен Яссауи стиліндегі аңыздарымен үлкен атақ пен ықпалға ие болған Сүлеймен Хәкім болды. Хакім Харизмге қоныстанып, тура жолға шақыра бастады. 1186 жылы дүниеден өткен соң Аққорғанға жерленген. Хакім атаның ең атақты шәкірті Зеңгі болды. Зеңгінің негізгі шәкірттері – Ұзын Хасан, Сейіт, Садр, Бәдір. Яссауи тізбегі әсіресе Сейіт мен Садрдан келеді.
Ұстазы шейх Юсуф әл-Хамедани сияқты Ахмед Яссауи де ханафи мәзһабынің ғалымы. Медреседе мықты білім алып, діни ғылымдармен қатар сопылық ілімді де меңгерген. Алайда, ол өз заманының көптеген дін ғұламалары мен сопылары сияқты белгілі бір алаңда қалмай, өзі сеніп, үйренгенін жергілікті халыққа, айналасындағы көшпелі ауыл тұрғындарына түсінікті тілде, жеткізуге тырысқан. Ғалым, салихалы адам ретінде оларға шариғат үкімдерін, сопылық қағидалары мен әдеп-ғұрыптарын үйретуге тырысты. Түркілердің Исламды жақсы көріп қабылдаулары үшін, әһли сүннет сенімін түсіндіріп, оны орнықтыруға ұмтылумен болды.
Еңбектері. Диуани Хикмет. Ахмед Яссауидің «даналықтарын» жинақтаған шығарманың атауы. «Диуани Хикмет» нұсхаларынының арасында тіл жағынан да, мазмұны жағынан да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұныі себебі бұл кітаптың, әр жерде әр түрлі адамдар тарапынан жинақталып шығарылғандығының айқын нышанасы. Уақыт өте келе жоғалған немесе өзгерген хикметтер жинақталу барысында оған жаңа хикметтер қосылып, осылайша бірте-бірте түпнұсқадан алшақтай берген. Кімге тиесілі болса да, барлық хикметтердің негізі – Ахмед Яссауидің сенімдері мен ойлары және оның мәзһабының ұстанымдары.
Бейбітбек ҒҰМАРОВ, «Бақтыгерей молла» мешітінің ұстазы.
Атырау қаласы