Алматылық дін маманына баспана кілті тапсырылды (+ ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Фатима» мешітінің наиб имамы Дәулен Саматұлына қызметтік пәтер кілтін табыстады.

Салтанатты жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жас діни мамандарға қолдау көрсетіп келеді. Дәулен Саматұлы – белсенді жас имамның бірі. «Жас келсе – іске» деген қанатты сөз бар. Міне, бүгінде жас имамдарымыз облыстық, қалалық, республикалық деңгейдегі ізгі іс-шараларға ұйытқы болуда. Осындай белсенді имамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік мәселесін шешуге атсалысқан барша жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» – деді.