Алтынбек Ұтысханұлы әйел жамағатына дәріс оқыды (+ ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Аллаға иман келтіру тақырыбында насихат айтып, әйелдер жамағаты тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Біздің міндетіміз – бізді жаратып, өмір сыйлаған Аллаға иман келтіріп, шын көңілімізбен бойұсыну. Шынайы иман келтіріп, Хақ Жаратушыны тануымыз үшін әуелі сипаттарын үйренуіміз қажет» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.