Атыраулық белгілі ұстаз Олжас Скаков Қостанай облысына барды

Атырау облысы «Иманғали» орталық мешіті жанындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының ұстазы, РАНТ мүшесі Олжас Скаков арнайы сапармен Қостанай облысына барды.

Сапар барысында қалалық Марал Ишан мешітінде жамағатқа «Рамазан – мейірім айы» тақырыбында уағызын айтып, оразаға рухани дайындық туралы насихат жүргізді.

«Рамазан айының негізгі ерекшелігі, бұл айда денсаулығы жарамды, балиғатқа толған, ақыл – есі сау, адамға ораза ұстау парыз. Бұдан бөлек те сауаптар еселенетін айда мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысу қажет,-деп атап өтті ұстаз Олжас Скаков.

Сапар аясында Олжас Скаков Қостанай қаласындағы №76 еңбекпен түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.

Сонымен қатар, облыстағы дін саласындағы қызметкерлерімен «Жат ағым мүшелерімен сұхбат жүргізушінің әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Сол күні облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен кездесіп, «История сподвижников» тақырыбында уағыз айтты.