Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аналарға құрмет көрсетіп, көктем мерекесімен құттықтады.
Орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Әжелер мектебі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы әже-аналарға ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз үлестері үшін алғыс айтты.
«Аналар қандай құрметке де лайық. Бар болыңыздар. Сіздердің әр сөздеріңіз біз үшін үлгі-өнеге» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.