Атырауда Рамазанға орай телевизиялық бағдарлама түсірілуде

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, облыстық «Атырау» телеарнасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Мұнара» арнасының өңірлік филиалы бірлесіп, «Рамазан – руханият айы» бағдарламасының түсірілімін бастады.

Бағдарламада Рамазан айында 30 күн бойы қасиетті айдың құндылықтарын насихаттай отырып, өңірдегі имамдар көрерменнен жеткен сауалдарға жауап беретін болады.

Рухани бағдарлама көптеген дін мәселесіндегі сауалдарға жауап беріп, қоғамға ағартушылық бағытта қызмет етеді деп күтілуде.