Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық мешітінде жұма уағызын жүргізді (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жұма уағызын жүргізді.

“Сәлем берудің маңыздылығы” тақырыбында өткен жұма уағызы кезінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға шақырды.

«Сәлем» Алланың көркем есімдерінің бірі. Сәлемдесу Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) сүннет болған қайырымды амал. Ата дінімізді ардақтаған ата-бабаларымыз да кездескенде «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып екіншісі «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қайтарып амандық сұрасуды алдыңғы орынға қойған. «Сәлем – сөздің анасы» деген халқымыз аузыңнан шығар алғашқы сөзің амандасу болсын дегенді меңзеген” деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.