Мақат аудандық орталық мешітіне наиб имам тағайындалды

Мешіттің жаңа қызметкерін Мағжан Мұхамедиді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жамағатқа таныстырды.

Мухамеди Мағжан Игенбайұлы 2014-2018 жылдар аралығында Нұр – Мүбарак университетінде исламтану мамандығын бітірген.  

2018- 2021 аралығында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2018 жылы Алматы облысы Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық мешітінде наиб имамдықтан бастаған. Кейін Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Целиноград аудандық орталық мешітінде наиб имам болып қызмет еткен.