Мақат мешіті сырқат балаға көмек көрсетті

Мақат аудандық орталық мешіті кезекті қайырымдылық акциясын науқас баланың еміне арнады.

Сал ауруына шалдыққан Мақат кентінің тұрғыны Назира Мұратқызының еміне 150 000 теңге сертификат табысталды. Сертификатты Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов кішкентай Назираның отбасына апарып берді.

«Мешіт – руханият ордасы. Ізгі істердің бастамашысы. Қайырымдылық бағытында бұған дейін де көптеген шаралар атқарылып келген еді. Кішкентай Назираның еміне атсалысқан мешіт жамағатына ризашылығымды білдіремін. Мұндай бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.