AТЫРАУДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Атырауда қарилар даярлау орталығы шәкірттер арасында Құран Кәрімнің 5 және 10 парасын жатқа айту бойынша сайыс өтті.

Шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, насихат айтты. Ол өз сөзінде Құран жаттаудың маңыздылығына тоқталып, бұл игі істің адамды рухани кемелдікке жетелейтінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қари болу үлкен жауапкершілік екенін айтып, шәкірттерге ілім жолында табандылық танытып, Құранға қызмет етуді жалғастыруға шақырды.

«Құран – мұсылманның өмірлік жолбасшысы. Оны жаттап қана қоймай, амал ету – әрбіріміздің міндетіміз», – деді бас имам.

Құран сайысына “Иманғали” орталық мешіті жанындағы, “Бақтыгерей молла” мешіті және Құрманғазы ауданы “Темірәлі” мешіті жанындағы қарилар даярлау орталығыда құран жаттап жатқан шәкірттер қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша:

5 пара:

🥇 І орын — Исатаев Бексұлтан
🥈 ІІ орын — Сайфуллаев Исламбек
🥉 ІІІ орын — Нұрболатұлы Абдуррахман

10 пара:

🥇 І орын — Асылбекұлы Мұхаммедшауһи
🥈 ІІ орын — Бауыржанұлы Бекарыс
🥉 ІІІ орын — Бауыржанұлы Хамза

Жүлде қоры:

Жүлде қоры:
5-пара бойынша

І орын — 100 000 теңге
ІІ орын — 70 000 теңге
ІІІ орын — 50 000 теңге

10-пара бойынша

І орын — 150 000 теңге
ІІ орын — 100 000 теңге
ІІІ орын — 70 000 теңге

Сондай-ақ, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.