Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасы аясында ҚМДБ-ның оқу-ағарту бағыты және Құран секторы бойынша өңірдегі жауапты маманы Еркебұлан Жақсылықов облысқа қарасты мешіттер жанындағы Құран жаттау орталықтарының жетекші ұстаздарымен кездесіп, жиын өткізді.
Жиынға сондай-ақ Иманғали орталық мешіті жанындағы қарилар даярлау орталығының жетекшісі Заһиджан Қалматұлы,Бақтыгерей молла мешіті жанындағы орталықтың құран ұстазы Махмуд Кереев және Құрманғазы ауданының бас имамы Шүкіриддин Темірқұлұлы қатысты.
Жиын барысында Құран үйрету ісін жүйелеу, шәкірттердің білім деңгейін арттыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру және әдістемелік жұмыстарды күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұстаздардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және тәрбие жұмысын жандандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жиын қорытындысында алдағы жоспарлар айқындалып, Құран орталықтарының жұмысын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.





