АТЫРАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТКІЗУДЕ

Атырау өңіріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, белгілі исламтанушы ғалым-ұстаздар арнайы іссапармен келді.

Сапар аясында дін мамандары өңір мешіттерінде жамағатпен кездесіп, діни құндылықтар, дәстүрлі ислам танымы, ұлттық тәрбие және қоғамдағы рухани тұрақтылық тақырыптарында тағылымды насихат жүргізді.

Атап айтқанда, исламтанушы ұстаз Ерсін Әміре «Иманғали» орталық мешітінде, Ғазиз Ахмет «Құспан молла» мешітінде, Нұралы Бақытұлы «Парасат» мешітінде, ал Жүсіп Шұғайыпұлы «Әт-Тақуа» мешітінде Ерлан Кенжин “Сұлтан Бейбарыс” мешітінде жамағатпен жүздесті.

Кездесулер барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, жат діни ағымдардың алдын алу, дәстүрлі діни танымды насихаттау бағытында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» КҚ және ҚМДБ Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда.