ЖЫЛЫОЙДА «ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жылыой ауданында «Ұлттық дәстүр – ұрпақтың рухани өзегі» тақырыбында жастармен, студенттермен және белсенді жастармен кездесу өтті.

Жылыой мәдениет үйінде ұйымдастырылған тағылымды шараға ҚМДБ төрағасының кеңесшісі, РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков қатысып, ұлттық құндылықтар, дәстүрлі діни таным, жастар тәрбиесі және рухани тұрақтылық бағытында насихат айтты.

Кездесу барысында спикер:
«Қазақ халқының дәстүрі мен діні – бір-бірінен ажырамайтын рухани құндылықтар. Ұлттық тәрбие мен имандылық қатар жүрген қоғамның болашағы берік болады. Жастар ең алдымен өз дінін дұрыс танып, салт-дәстүрін құрметтеуі қажет», – деп атап өтті.

Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде кеңінен пікір алмасу өтті.

Аталған шара Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры және ҚМДБ Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.