Индер ауданында «Дін мен дәстүр үндестігі» тақырыбында аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Тағылымды шараға исламтанушы-теолог, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Серікхан Рымханұлы қатысып, дәстүрлі діни таным, ұлттық құндылықтар және қоғамдағы рухани тұрақтылық мәселелері төңірегінде насихат айтты.
Кездесу барысында спикер қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының сабақтастығына тоқталып, жастарды ұлттық тәрбиені сақтауға, жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.







