Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамын қабылдады

Қабылдау барысында облыстың Бас имамына Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жобалар туралы айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша, енді облыс имамы қала және аудан имамдарын жеке қабылдай бастайды.

«Ондағы мақсат – мешіттердің ішкі ахуалымен, жұмысымен жақын танысу, жағдайды саралау, сондай ақ, мешіт қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесінің қалай шешіліп жатқандығын анықтау.

Мүфтият бекіткен жеті бағыт, яғни,  ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстар бойынша да талқылау болды» деп атап өтті кездесу туралы облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, жеке қабылдауға Атырау қаласындағы барлық мешіттер және аудан мешіттерінің имамдары да келеді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.