Алтынбек Ұтысханұлы атыраулық екі қариды қабылдады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданынан шыққан екі қариды қабылдады.

Әбубәкір Ізгілік пен Айбар Жолдасов Мақат ауданының тумалары. Қасиетті Құранды толық жаттаған жас қариларды Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.

“Алла Тағала: “Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар, әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер” деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с): “Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің”, – деп өсиет қалдырған.

Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған, әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз”. Сіздер мұсылман баласы үшін үлкен іске аяқ бастыңыздар” деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.