Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды Пайғамбар (с.а.у) дүниге келген Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Жергілікті Атырау телеарнасындағы Иман нұры бағдарламасына қатысқан бас имам Мәуліт айының тарихына, шариғаттағы орнына және Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.а.у) өмір жолы турасында ой өрбітті.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) дүние есігін ашуымен күллі әлем нұрға бөленді. Жер бетіне бейбітшілік пен адалдықтың үлгісін алып келді.
Сол арқылы мұсылман үметінің жаңа дәуірі басталды. Адамзат баласына дүрниеге келгеннен бастап дүниеден өтер жолына дейінгі өмір сүру қағидаларын үйретті» деп атап өтті Бас имам.
Сұхбат 14 қазан күні, жергілікті уақытпен 21:05-те «Атырау» телеарнасынан көрсетілетін болады.