Алтынбек Ұтысханұлы азаншылар байқауының жеңімпазын қабылдады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы республикалық азаншылар байқауының жеңімпазы Саламат Иманғалиевты қабылдады.

Республикалық азаншылар байқауында орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев Атырау облысының намысын абыроймен қорғап, ІІІ орын иеленген болатын.

Азаншы Саламат Иманғалиевты жеңісімен құттықтаған Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы оған сәттілік тіледі.