Құрманғазы ауданындағы Бөкейхан ауылында имам үйі пайдалануға берілді

Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылында ашылған мешіт жанынан имамның қызметтік үйі пайдалануға берілді.

Заманауи үлгіде салынған, барлық тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген баспана имамға қызметтік баспана ретінде қолданысқа беріліп отыр.

Еске сала кетсек, бүгін Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылында 200 орындық мешіт ашылды. Жаңа мешітке Жалелов Наурызбай Ерболатұлы имам болып тағайындалды.