Алтынбек Ұтысханұлы «Дина» намазханасында жамағатпен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Дина» базарында мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам жамағатты балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға назар аударуға, жаңаны игеріп, білім алуға, спортпен шынығуға баулуға шақырды.

«Сонымен бірге, ойымызды, ойымызбен бірге, тілімізді түзеу маңызды. Халқымызда «Жақсы сөйле, болмаса, үндеме» деген сөз бар.

Жақсы сөйлеу – жақсылықтың бастауы. Адам ойын, сөзін түзеу арқылы, жақсы істерге қол жеткізе алады» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.